Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

Туризм

Шығыс Қазақстан облысының туристтік саласының дамуы туралы ақпарат (2018 жылдын 9 айы бойынша)

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында «Алтайдың інжу-маржаны» туристік кластерін қамтитын, Шығыс Қазақстан облысының Солтүстік және Шығыс бөлігін қалыптастыру міндеттердің бірі ретінде көзделген. Өскемен қаласы сегіз негізгі туристік қызығушылығы бар кластердің орталығы болып анықталады. Олар: Берел қорғандары, Бұқтырма, Ертіс өзенінің су қоймасы - Зайсан көлі, Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қиын Керіш, Риддер қаласы -Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Алакөл (солтүстік бөлігі), Семей қаласы және Абай ауданы (Жидебай) .          

2018 жылы 2,5 млрд тенге Үржар ауданындағы жолды жөндеуге аударылған, 2,1 млрд тенге шамасында – көл жағалауын көркейтуге (арбат, парк), Жалаңашкөл станциясына дейінгі теміржол тасымалын қаржыландырды (114 млн тенге), әуеқатынасы жұмыс жасауда (162 млн тенге), демалыс үйлеріне қызмет көрсетуге арналған арнайы жабдықтар сатып алынды (50 млн тенге), Қабанбай ауылындағы мәдениет үйі қайта құрылуда (460 млн тенге), жағалау бойына жоғары жылдамдықтағы интернет жүргізілді және демалушыларға Wi-Fi қолжетімді (26 млн тенге), туристтік ақпараттық орталық ашылды , су мен батпаққа зерттеу жүргізілді (2,5 млн тенге).

Жалаңашкөл станциясынан Қабанбайауылына дейінгі, «Семей-Қарауыл», «Мақаншы-Жалаңашкөл» жолдарында жөндеу жұмыстарын жалғастыруда..

Жағалауды абаттандыру бойынша қазіргі заманға сай дизайнерлік шешімдер контексінде ауқымды жұмыстар жүргізілді: объектілер өрт және санитарлық  талаптарға сай келтірілді, Арбат, орталық жағажай, автовокзал және автотұрақ абаттандырылды, камера және бейнебақылаулар орнатылды.  

«Алакөл көлі жағалауында 100-120 орындық төртжұлдызды қонақүй салу жобасына конкурс ұйымдастырылды. Конкурстың негізгі басымдылығы – конкурс жеңімпазы «Ақниет» бағдарламасы аясында қонақүй құрылысына қаржыландыру жеңілдігін алу мүмкіндігі болады. (бұл бағдарлама (50/50 мөлшерінде) Даму қоры мен ЖАО қосымша қаржыландыру)      Сонымен қатар, Алакөл көлі Қазақстан руистификация картасының ТОП-10 объектілері қатарына енгендігін айта кету керек.  

Алакөл жағалауында автовокзал жанында орналасқан тұңғыш «TOURIST INFO» ақпараттық орталығы ашылды.

«TOURIST INFO» орталығы «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс атқарады, яғни менеджерлар Алакөл жағалауындағы демалушыларға тегін түрде ақпараттық және кеңестік көмек көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы Алакөл көлінің картасын жасады, оны ақпараттық орталықтан тегін алуға болады. Картада әрбір демалыс базасының орналасу орыны нақты көрсетілген, орналастыру орындары туралы пайдалы ақпараттар берілген.

«TOURIST INFO» орталығында демалыс базалары мен туристік фирмалардың брошюшалары мен жарнамалық материалдар, өткізілетін мәдени-көпшілік шаралары мен сувенирлік тауалары туралы  берілген. Шетелдік туристер үшін тегін мобильдік оператор байланысының SIM-картасын алуға мүмкіндік бар.   

Ағымдағы жылы «Өскемен – Семей – Урджар»  бағыты бойынша авиақатынасқа 162,1 млн. тенге мөлшерінде субсидия бөлінді.

Төрт тікелей автобус маршруттары іске қосылды «Өскемен – БарлыкАрасан», «Семей – Барлык Арасан», «Өскемен –Алакөл», «Семей – Алакөл».

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қабанбай ауылы маңындағы Алакөл жағалауын бекітуге технико-экономикалық негіздеменің түзетулері 54,0 млн. Тенгеге жасалды.

2018 жылдың аяғына дейін жағалауға кіре беріс жерлерге Сібе көлдері, Бұқтырма мен Шүлбі су қоймаларындағы курорттық аймақтардағы суды пайдаланудың жалпы ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында демалыс базасының орналасу орыны нақты көрсетілген, туристер үшін пайдалы ақпараттар берілген картасы бар ақпараттық тақтайшалар орналастырылады.

Облыстың мінәжат ету жерлерін басып өтетін және Шығыс Қазақстанның атақты жазушылар мен басқа да үздік тұлғалардың атына құрылған «Әдеби Шығыс» атты туристтік бағыты жетілдірілді. Бұл бағыт бойынша 2200 қатысушы басып өтті. «Әдеби Шығыс» бағытының іске асуына облыстық бюджеттен 76 986 мың тенге бөлінді

Ағымдағы жылы шілде  Алакөл көлінен су мен батпақтың сынамасы алынып зерттеу жқмысы жалғастырылды.

2017 жылы 25 млн. теңгеге Абай ауданындағы Қоңыр-әулие үңгіріндегі  туристік инфраструктура жақсартылды, 50 млн теңгеге Тарбағатай ауданындғы Ырғызбай әулие кесенесі аумағы абаттандырылды және ЭЖЖ тартылды.

Семей Қарауыл арасындағы жолды жөндеуге 2,2 млрд.тенге бөлінді, Карауылдан   Коныр Әулие үңгіріне дейін тас жолдың жөндеуі жүргізілді.

23 маусым 1 шілде аралығында халықаралық ұйымдар(ПРООН, АБР, ЕБРР, Бүкіләлемдік банк)  өкілдерінің қатысуымен Белуха тауына киелі жерлеріне шығу ұйымдастырылды.        «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысына туризм және сыртқа бпйланыстар басқармасының шақыруымен МТРК «МИР» телеарнасының түсірілім тобы бас редактор Виталий Поповтың бастауымен келіп қайтты.

2018 жылы 23 -28 мамыр аралығында түсірілім тобы киелі, туристік объектілер Аблайкиттегі қазба жұмыстары, Ұлан ауданындағы Сібе көлдері, Абай ауданындағы Қоңыр-әулие үңгірі,  Көкентаудағы петроглифтар,  Жидебай-Бөрілі» мәдени кешені, және Өскемен мен Семейдің көрнекі жерлеріне  «Қазақстан: дала аңыздары» атты хабар дайындау үшін барып қайтты. Біздің өңірдің бай тарихы туралы жергілікті тарихшылар, өлкетанушылар, археологтар әңгімеледі.  

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанның 15 киелі жерлері (табиғи объектілер:Ертіс өзені, 2. Қиын-Кириш, 3.Маркакоөл, 4.Рахман көлі, 5. Белуха; рухани объектілер: 6.Қоныр-әулие; 7.Святой ключ; 8.Ырғызбай ата; тарихи объектілер: 9.Берел қорғандары; 10.Некрополь Шілікті, 11. Енлік-Кебек мазары, 12.Козы-Корпеш и Баян Сулу, 13. Күшікбай, 14. Аблайкит, 15. Ак Баур) .енген «Шығыс Қазақстанның аңыз - әңгімелері» атты балалар аудиториясына арналған электрондық кітап шығарылған. Бұл кітапта аймақтың мінәжат жерлері мен батырлардың ерліктері, ата бабаларымыздың тарихы жайлы айтылған.

Туризм 2017

Туризм2015