Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

Басшылық

Басқарма басшысы – Кабаков Марат Саятұлы

 

1989 жылы 7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ.

2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық -заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 18.08.2008 - 16.08.2010 жж Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Жас заңгерлер Қазақстандық Қауымдастығы» филиалының  директоры болып бастады.

 22.08.2010 - 05.04.2012 жж. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректорының көмекшісі.

05.04.2012 - 31.08. 2012 жж. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы.

01.10.2012 - 12.12. 2012 жж. Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы.

13.12.2012 - 20.03.2013жж. Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері  басқармасының жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы.

20.03.2013 - 28.12. 2013 жж. Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының  жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша бөлімінің бас маманы.

28.12.2013 - 10.03.2015жж. Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы.

11.03.2015 - 16.10.2015 жж. Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы.

19.10.2015 - 20.10.2015 жж. Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас маманы.

21.10.2015 - 11.04.2016 жж. Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының әкімшілік бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

11.04.2016 – 1.04.2019 жж. Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары.

2019 жылдың 2 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Үйленген, екі баланың әкесі.

Лауазымдық міндеттері:

  • Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасайды, негізгі бағыттарын, формасы мен қызметінің әдістерін анықтайды, басқарманың құзыретіне кіретін тапсырмалардың орындалуына жауапты.
  • Облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмаларын, өкімдерінің уақытында орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Басқарманың жұмысын жоспарлау мен үйлестіруді ұйымдастыру, Шығыс Қазақстан облысының туристік қызметін және халықаралық ынтымақтастығын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру және оның алдында тұрған өзге де тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
  • Облыс басшылығының ресми қабылдауларын, шетел делегацияларымен кездесулерін ұйымдастыру.
  • Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады.
  • Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады, заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза белгілейді.
  • Еңбек шарттарын жақсарту және орындаушылық тәртіп пен қызметкерлердің іскерлік біліктілігін жақсарту бойынша жұмыстар ұйымдастырады.
  • Басқарманың мамандарының еңбек тәртібін және жемқорлықпен күрес заңдылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
  • Бөлімдер және қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау бойынша құжаттарды дайындау және белгіленген уақытта ұсынылуына бақылау жасайды.
  • Заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын белгіленген тәртіпте қарастырылуын жүргізеді.