Әдеп жөніндегі Уәкіл

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ Әдеп жөніндегі Уәкілдің қызметі басқарма басшысының бұйрығымен әкімшілік бөлімінің басшысы Ниязова Меруерт Мұхаметнұрқызына жүктелген.

Ниязова Меруерт Мұхаметнұрқызы 1984 жылы туылған.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Құқықтану» мамандықтары бойынша үздік бітірді.

Еңбек жолын 2006 жылы «Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде қабылдау бөлімінің инспекторы, «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман қызметінен бастады.

2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс атқарады.

Әр жылдары «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекші маманы, сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

Қазіргі уақытта «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде әкімшілік бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етуде.

Тұрмыс құрған, бір қыздың анасы.

 

Мекен-жайы: М. Горький көшесі,40, 115 кабинет, тел: 713-240.

Е-mail: m.niyazova@akimvko.gov.kz

Лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

 

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа азаматтарды қабылдау: әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

<