Басшылық

Сарсебаев Жасулан Бірлікұлы – Басқармасының басшысы

Лауазымдық міндеттері:

  • Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасайды, негізгі бағыттарын, формасы мен қызметінің әдістерін анықтайды, басқарманың құзыретіне кіретін тапсырмалардың орындалуына жауапты.
  • Облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмаларын, өкімдерінің уақытында орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Басқарманың жұмысын жоспарлау мен үйлестіруді ұйымдастыру, Шығыс Қазақстан облысының туристік қызметін және халықаралық ынтымақтастығын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру және оның алдында тұрған өзге де тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
  • Облыс басшылығының ресми қабылдауларын, шетел делегацияларымен кездесулерін ұйымдастыру.
  • Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады.
  • Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады, заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза белгілейді.
  • Еңбек шарттарын жақсарту және орындаушылық тәртіп пен қызметкерлердің іскерлік біліктілігін жақсарту бойынша жұмыстар ұйымдастырады.
  • Басқарманың мамандарының еңбек тәртібін және жемқорлықпен күрес заңдылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
  • Бөлімдер және қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау бойынша құжаттарды дайындау және белгіленген уақытта ұсынылуына бақылау жасайды.
  • Заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын белгіленген тәртіпте қарастырылуын жүргізеді.

 Басқарма басшысының орынбасары – Кабаков Марат Саятұлы

Лауазымдық міндеттері:

  • Басқарма қызметінің негізгі бағыттарын, түрлері мен әдістерін анықтайды, құзыретіне кіретін міндеттердің талапқа сай орындалуына жауапты болады.
  • Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы өкімдерінің, тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Басқарма жұмысын жоспарлау және үйлестіруді ұйымдастырады, Шығыс Қазақстан облысының туристік қызметін және халықаралық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша алда тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Облыс басшылығының ресми қабылдауларын, шетел делегацияларымен кездесулерін ұйымдастыруға басшылық жасайды.
  • Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады.
  • Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне, туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді.
  • Туристік қызмет көрсету нарығына талдау жасайды және Шығыс Қазақстан облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді туризм жөніндегі уәкілетті органға береді.
  • Облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді.
  • Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді.
  • Балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмнің дамуына жәрдем көрсетеді.
  • Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және ақыл-кеңестік көмек көрсетеді.
  • Халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды.
  • Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді.
  • Жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
  • Бөлімдер қызметінің және бөлім қызметкерлерінің тиімділігін бағалау бойынша құжаттар әзірлейді.
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдарын, ұсыныстарын белгіленген мерзімде қарау.
  • Қол астындағы қызметкерлердің жұмысын болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және уәждеуді жүзеге асырады.
  • Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады;