Жемқорлыққа қарсы күрес

 

 

 

 

Приложение 3

Приложение 2

Приложение 1

Приказ

Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру бойынша ақпарат

 

Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру мақсатында 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Сонымен қатар, аталған веб-сайтта басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік ар-намыс нормаларын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бұзуы туралы мәселелер бойынша сенім телефоны жұмыс істейді.

 

Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары үшін басқармада арнайы жәшік орнатылған.

 

Сенім телефоны:

 

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік ар-намыс нормаларын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бұзуы туралы мәселелер бойынша сенім телефоны жұмыс істейді:

713-213

 Мемлекеттік қызмет туралы. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңы

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңы

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

 

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі

Кіріспе бөлімі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нысаны:

«Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2017 жылғы 15 маусымдағы №15/1-н бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі анализін өткізу бойынша жұмыс тобымен жүргізілді. Электрондық пошта мекен-жайы: m.niyazova@akimvko.gov.kz. Байланыс телефондары: 713-213, 26-17-24.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің басталу мерзімі: 03.04.2017, аяқталуы – 30.06. 2017 ж.

«Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін бақылау кезеңі: 2017 жылдың 2 тоқсаны.

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі:

Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 182 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының туристік қызметін дамыту және халықаралық ынтымақтастық орнату бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша қызметін атқарады. Нормативтік акт ШҚО әділет департаментінде 2013 жылдың 24 шілде күні № 2714-1917-01-ГУ тіркелді. 2017 жылдың 2 тоқсанында ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының штат саны – 9 бірлік, нақты саны – 7 бірлікті құрайды.

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қызметшілерін 2017 жылдың 5 маусым күні бекітілген жоспар-кестеге сәйкес, біліктілікті жоғарылату және қайта дайындау курстарына уақытылы өткізу жоспарланды.

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының бұйрығымен заңдылыққа сәйкес тәртіптік және конкурстық комиссияның құрамы бекітілді.

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мемлекеттік қызметкерлерінің әкімшілік және қылмыстық заң бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексінің нормаларын бұзушылық фактілері, тәртіптік заң бұзушылықтар және тәртіптік жазаға тарту фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдылықтың нормаларын қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексінің орындалуын қамтамасыз ету үшін Әдеп жөніндегі уәкіл міндеттерін атқару - әкімшілік бөлімінің басшысы Ниязова Меруерт Мухаметнуровнаға жүктелген.

Басқарманың стенд және сайтында басқарма басшысының азаматтарды қабылдау кестесі, сенім телефонының номері көрсетілген. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодекс мәтіні орнатылған. Сонымен қатар, лауазымдық тұлғалардың заңсыз әрекетеріне шағымдану туралы азаматтардың арыз-шағымдары үшін мөлдір жәшік орнатылған.

Қолданыстағы заңдылықтарды бұзу әрекеттері, қызметкерлерге шағымдану арыздары тіркелген жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасына және мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз ақпаратттар жарияланған жоқ.

Ағымды жылдың 2 тоқсанында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының мүліктері мен табыстары бойынша декларацияны уақытылы тапсыру бойынша бақылау жүргізілді. Барлық қызметшілер аталған декларацияны бекітілген мерзімде тапсырды.

Басқарманың барлық қызметшілері Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және арнайы тіркеу бойынша Комитетінің «Ақпараттық сервис» базасынан тексерілді. Мемлекеттік қызметшілерді соттау және айып-пұл салу фактілері тіркелген жоқ.

Қорытынды бөлім:

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, ұжымда жағымсыз қарым-қатынас қалыптастыруды болдырмау бойынша алдын-ала шаралары жүргізіледі.

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының www.toureast.gov.kz сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» рубрикасы орналастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша басқармада өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат орналастырылған. Аталған рубрика тұрақты түрде жаңартылып тұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын ары қарай күшейту және тиімділігін арттыру мақсатында, келесідей әрекеттер ұсынылды:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-шаралар жоспары бойынша тапсырмаларды орындау;

Қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және оған енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді бойынша құқықтық жаппай оқытуды өткізу;

Ұжымда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік көрсетуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы