Басқарма туралы ереже

Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 182 қаулысының негізінде құрылған.

 

Негізгі міндеттері:

Шығыс Қазақстан облысының туристік қызметін және халықаралық ынтымақтастығын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру, облыс басшылығының ресми қабылдауларын, шетел делегацияларымен кездесулерін ұйымдастыруға көмектесу.

 

Функциялары:

  1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабының 1-тармағы);
  2. Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне, туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді; («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабының 5-тармағы);
  3. Туристік қызмет көрсету нарығына талдау жасайды және Шығыс Қазақстан облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді туризм жөніндегі уәкілетті органға береді («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12- бабының 6-тармағы);
  4. Облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабының 7-тармағы);
  5. Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабының 8-тармағы);
  6. Балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмнің дамуына жәрдем көрсетеді («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабының 9-тармағы;
  7. Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және ақыл-кеңестік көмек көрсетеді («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабының 10-тармағы);
  8. Халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12- бабының 11-тармағы);
  9. Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12- бабының 12-тармағы);
  10. Туристік ақпарат орталығын құрады («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабының 13-тармағы);
  11. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. («Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабының 14-тармағы);