Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, Горького көшесі 40 үй 128 кабинет, тел.: 8/7232/ 26-29-53, email: ma.kabakov@akimvko.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурсты жариялайды:

  

1. Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары лауазымы (Д-О-2 санаты) – 1 бірлік, еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбекақысы 163 200 теңгеден 220 700 теңгеге дейін.

   Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметінің негізгі бағыттарын, түрлері мен әдістерін анықтайды, құзыретіне кіретін міндеттердің талапқа сай орындалуына жауапты болады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы өкімдерінің, тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарма жұмысын жоспарлау және үйлестіруді ұйымдастырады, Шығыс Қазақстан облысының туристік қызметін және халықаралық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша алда тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. Облыс басшылығының ресми қабылдауларын, шетел делегацияларымен кездесулерін ұйымдастыруға басшылық жасайды. Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады. Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне, туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді.Туристік қызмет көрсету нарығына талдау жасайды және Шығыс Қазақстан облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді туризм жөніндегі уәкілетті органға береді. Облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді. Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді. Балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмнің дамуына жәрдем көрсетеді. Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және ақыл-кеңестік көмек көрсетеді. Халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды. Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Бөлімдер қызметінің және бөлім қызметкерлерінің тиімділігін бағалау бойынша құжаттар әзірлейді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдарын, ұсыныстарын белгіленген мерзімде қарау. Қол астындағы қызметкерлердің жұмысын болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және уәждеуді жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.

   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім.

   Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер: туризм, халықаралық қатынастар және хаттама саласындағы (протокол) Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін білу.

   Конкурсқа қатысушылардың жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

   Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

   Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

   Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

   Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған (Уәкілетті органның интернет-ресурсында) күнінен бастап 5 жұмыс күн.

   Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:

1)  өтініш (бекітілген тәртіпте);

2)  тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

   Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

   Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

   Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ-де 120 кабинетте өтеді.

   Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

   Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

   Анықтама телефоны: Өскемен қаласы, Горького көшесі, 40 үй, 128 кабинет, 8 (7232) 26-29-53, e-mail: ma.kabakov@akimvko.gov.kz..