Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

(негізгі қызметкердің бала күтүіне байланысты демалыста болу кезеңінде

25.05.2017 ж. дейін)

 

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ. Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, 124 каб., анықтама үшін телефон: 8(7232)26-29-53, 8(7232)26-17-24, факс 8(7232)26-17-24, электрондық пошта мекенжайы – gu.kisamieva@akimvko.gov.kz

  1. Әкімшілік бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты (1 бірлік).
  2. Конкурс қатысушыларына арналған біліктілік талаптар: Жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

 

- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық  жалақысы:

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

D-0-3

109 932

148 242

 

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына басшылық жасауды жүзеге асыру және бөлім жұмысын жоспарлауды қамтамасыз ету, басқарма қызметіндегі заңдылықты сақтау. Басқарма әзірлейтін заңға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді және бірінші басшының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша құжаттар әзірлеуге қатысу. Басқарманың кадрлық жұмысын атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өтеуге қатысты мемлекеттік орган шешімін ресімдеу, басқарманың жеке құрамына және басқа да кадрлық құжаттамаға есеп жүргізу. Іс қағаздарын жүргізуге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне бақылау жүргізу. «ҚБПҮ», «Құпия» белгісі қойылған құжаттармен жұмыс істеу. БЭҚАЖ бағдарламасымен жұмысты ұйымдастыру; Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу, тәртіптік комиссиялар отырыстарына, бос лауазымдық орындарға қабылдау кезінде конкурстар өткізу және біліктілігін арттыру жөнінде құжаттар әзірлеу. Басқарманың табелін жүргізу, кадрлар жөніндегі құжаттарды сақтау, оларды ресімдеу және заңнамада белгіленген тәртіппен мұрағатқа беру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер, соның ішінде еңбек заңнамасын, кадр жұмысын, іс қағаздарды жүргізу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

 Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруды  жариялаған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде құжаттар ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс отырысына қатысу үшін байқаушы ретінде тұлға қызметкерлерді басқару қызметінде (кадр қызметі) сұхбаттасуды жүргізу басталуға дейін бір жұмыстық күннен кешікпей тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға қызметкерлерді басқару қызметіне (кадр қызметі) жеке тұлғаны растайтын құжат көшірмесін, ұйымға жататын растайтын құжаттардың көшірмелері мен  түпнұсқаны ұсынады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге рұқсат алған кандитаттар оны «ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ. Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, 119 каб., анықтама үшін телефон: 8(7232)26-29-53, 8(7232)26-17-24, факс 8(7232)26-17-24, электрондық пошта мекенжайы – gu.kisamieva@akimvko.gov.kz әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар ескертпе күнінен бастап үш жұмыстық күн ішінде  конкурсты жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты күннінен бастап шағым түсіре алады .

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сайты www.kyzmet.gov.kz.