Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

2019 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдары туралы мәлімет

2019 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша

«Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы»

мемлекеттік мекемесінде  мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдары туралы

мәлімет

 

р/р № 

Бос лауазымның толық атауы

Санаты

Бос бірліктің саны

1.

Басқарма басшысының орынбасары

Д-О-2

1

2.

Әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері

Д-О-4

1

Барлығы:

2

 

Конкурс қатысушылардың және «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос болып табылатын орындарға кандидаттардың назарына!

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу» Ережесінің 2 тармағы негізінде конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу жөніндегі конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.

Сонымен қатар, егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық шешімімен келіспеген жағдайда олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент), не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жоғарыдағы қағидалардың 110-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей (конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде) Департаментке конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, Департаменттен келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды Сіз келесі мекен-жайға жолдауынызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.

Сонымен қатар, жолданған шағымда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 6 тармағына сәйкес, яғни тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетiлетіндігін және қол қойылуы қажет екендігін ескертеміз.

Шағымда iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4, сенім телефоны 8 (7232) 76 51 59).