Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ. Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, 124 каб., анықтама үшін телефон: 8(7232)26-22-49, 8(7232)26-17-24, факс 8(7232)26-17-24, электрондық пошта мекенжайы –  gu.kisamieva@akimvko.gov.kz

  1. Әкімшілік бөлімінің бас маман- бухгалтері, Д-О-4 санаты (1 бірлік).
  2. Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: Жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі болуы тиіс емес.

- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық  жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

D-0-4

83 300

112 400

 

Функционалдық міндеттері:Түсетін ақшалай қаражат, тауарлық-материалдық құндылықтар және негізгі құралдар (мемлекеттік сатып алу барысында түсуін қоса отырып) мен олардың шығысын  есептеуді жүзеге асыру, сондай-ақ, бухгалтерлік есепте олардың жылжуына байланысты операциялардың уақытында көрсетілуі; мемлекеттік бюджетке дұрыс есептеулер мен уақытында аудармалар жасау, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және ұсыну, алғашқы бухгалтерлік құжаттарды сақтау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды мұрағатқа тапсыру. Мемлекеттік орган басшысымен келісіп, қаржыландыру жоспары мен оның есеп айырысуын жасау және келісу. Бюджет қаражаттарын белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, заңнамаға, бекітілген бюджеттік бағдарламалар паспортына және төлемдер бойынша қаржыландыру жобаларына сәйкес дұрыс және мақсатты шығындау. «Ашық бюджеттер» порталында тіркелген қолданушылардың комментарийлеріне мониторинг жүргізу және оған тиісті жауап дайындау; ақпаратты уақытылы дайындау және оның орналастыру, сондай-ақ 10 жұмыс күн ішінде.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер, соның ішінде  бухгалтерлік есеп жүргізу, салық салу, мемлекеттік сатып алуды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;                                                                                 

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;                                                          

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;                                             

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;                                                 

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;                                                                                                                                                                         

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;                                          

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);         

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі)..

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруды  жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде құжаттар ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс отырысына қатысу үшін байқаушы ретінде тұлға қызметкерлерді басқару қызметінде (кадр қызметі) сұхбаттасуды жүргізу басталуға дейін бір жұмыстық күннен кешікпей тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға қызметкерлерді басқару қызметіне (кадр қызметі) жеке тұлғаны растайтын құжат көшірмесін, ұйымға жататын растайтын құжаттардың көшірмелері мен  түпнұсқаны ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге рұқсат алған кандитаттар оны «ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ. Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, 119 каб., анықтама үшін телефон: 8(7232)26-22-49, 8(7232)26-17-24, факс 8(7232)26-17-24, электрондық пошта мекенжайы – gu.kisamieva@akimvko.gov.kz әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар ескертпе күнінен бастап үш жұмыстық күн ішінде  конкурсты жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты шағым түсіре алады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің сайты www.kyzmet.gov.kz.