Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы»

 «ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ. Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, 124 каб., анықтама үшін телефон: 8(7232)26-29-53, 8(7232)26-17-24, факс 8(7232)26-17-24, электрондық пошта мекенжайы –  gu.kisamieva@akimvko.gov.kz

  1. Әкімшілік бөлімінің бас маман- заңгер, Д-О-4 санаты (1 бірлік).
  2. Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: Жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі болуы тиіс емес.

 

- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық  жалақысы:

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

D-0-4

83 300

112 400

 

Функционалдық міндеттері: Басқарма істерінің жиынтық номенклатурасын әзірлеу және келісу. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңына сәйкес есепті дайындау және ұсыну. Белгіленген тәртіппен сотта жеке және заңды тұлғалардың талап арыздары бойынша, сондай-ақ, басқа органдарда мемлекеттік орган қызметіне қатысты құқықтық мәселелерді қарау кезінде басқарма мүддесін білдіру. Өңіраралық деңгейде қол қойылатын ынтымақтастық туралы (келісімдер, шарттар, меморандумдар және т.б.) құжаттардың жобасын әзірлеу.

Басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру. Басқарма әзірлейтін және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге тұрақты негізде мониторинг, басқарма бұйрықтары жобаларына, азаматтық-құқықтық мәміле шарттарына құқықтық сараптама жүргізу. БЭҚАЖ дерекқорымен жұмыс. Алғашқы құжаттар негізінде есептілік әзірлеу және беру, әскери міндеттілерді брондау есебін жүргізу, уақыт есептеу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға жауапты. Мемлекеттік сатып алуға байланысты барлық процедулаларды іске асыру және оларға жауапты болу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу ұйымдастыру және өткізу рәсімін атқару. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер номенклатурасын жоспарлайды және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді, мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізеді. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға жауапсыз қатысушылардың тізілімін жүргізеді. Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу жөніндегі есептерді ұсыну, веб-сайтқа ақпарат жариялау. Веб-сайтында орналастырылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына дайындайды. Электронды қызмет орталығында баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу туралы ақпаратты әдістері бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыс жүргізеді, шешімдер қалыптастыру уәкілетті органдарға хабарлайды. Уәкілетті органның ұлттық веб-сайтында тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты орналастырады. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар жасасады. Уәкілетті органдарда мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарын тіркейді. Төлемдер туралы ақпаратты, шарт жасалғандығы туралы негіздеме-есепті енгізеді, шарттардың тізілімін жүргізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау. Электронды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі конкурс Мемлекеттік сатып алу процесі электрондық тендер жүзеге асыру үшін конкурстық комиссияға қатысады. Мемлекеттік тапсырысқа қатысты шарттың талаптарын дайындайды. Басқармаға келіп түскен Президент, Үкімет, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігі, облыс әкімі және облыс әкімдігінің актілері мен тапсырмалары, облыс әкімінің хаттамалық шешімдерін уақытылы және сапалы орындалуды бақылау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер, соның ішінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңын білу; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын білу; «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңын білу; «Құқықтық актілер туралы» заңын білу; «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңын білу;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:  

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;  

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;  

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;  

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;  

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі)..

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруды  жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде құжаттар ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс отырысына қатысу үшін байқаушы ретінде тұлға қызметкерлерді басқару қызметінде (кадр қызметі) сұхбаттасуды жүргізу басталуға дейін бір жұмыстық күннен кешікпей тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға қызметкерлерді басқару қызметіне (кадр қызметі) жеке тұлғаны растайтын құжат көшірмесін, ұйымға жататын растайтын құжаттардың көшірмелері мен  түпнұсқаны ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге рұқсат алған кандитаттар оны «ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ. Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, 119 каб., анықтама үшін телефон: 8(7232)26-29-53, 8(7232)26-17-24, факс 8(7232)26-17-24, электрондық пошта мекенжайы – gu.kisamieva@akimvko.gov.kz әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар ескертпе күнінен бастап үш жұмыстық күн ішінде  конкурсты жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты күннінен бастап шағым түсіре алады .

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің сайты www.kyzmet.gov.kz.