Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі

Мемлекеттік қызметке түсу 1999 жылдың  23 шілдесіндегі № 453 «Мемлекттік қызмет туралы» ҚР Заңы негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымымен қамтылу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтары иемденеді. Мемлекеттік әкімшілік лауазымымен қамтылу, Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

  • «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік  қызметінің кадрлық қорына іріктеу Қазақстан Республикасы Президентімен белгіленетін тәртіпте жүргізіледі.
  • «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік  қызметінің кадрлық қорына есепке алынған азаматтар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіндегі бос лауазымдардына қамтылу құқығын иемденеді.
  •  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіндегі лауазымына конкурстан тыс іріктелу негізінде қамтылу құқығын ұдайы негізде өз өкілеттіктерін ең кем алты ай  атқарған және қойылатын кәсіби талаптарға сәйкес келетін, қызмет ететін Парламент депутаттары, маслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметкерлер, ,өз қызметтерін тоқтатқан, оны болымсыз себептер бойынша тоқтатқандарды қоспағанда,  сот төрешілері иемденеді. Сондай-ақ, олар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша, кадрлық қорға іріктелусіз және конкурстан тыс иемдене алады.
  • Мемлекеттік қызметке түсу барысында шығу  тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, діни көзқарасы, тұрғылықты жері немесе өзге жайттар бойынша қандай да бір алалауды бекітуге жол берілмейді.

 

Мемлекеттік қызметкетүсетін тұлғаларға арналған талаптар

 

Мемлекеттік қызметке түсетін тұлғалар келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тиісті лауазымдарға қатысты өзгесі көзделмесе, кемінде он сегіз жаста болуы тиіс.

Мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарды иемденуге үміткер тұлғалар келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

Қажетті білімге, кәсіби біліктілікке  ие болу және бекітілген кәсіби талаптарға сәйкес болу;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген  зейнеткерлік жасқа толмаған болу.

Мемлекеттік қызметке түсу барысында азамат салық қызметі органдарына салық салу объектісі болып табылатын кірісі мен  меншік құқығы негізінде өзіне тиесілі мүлкі туралы декларация беруге міндетті.

Мемлекеттік  әкімшілік лауазымды иемдену  арнайы тексерудің оңтайлы қорытындыларын алғаннан кейін жүзеге асырылады.

«Б» корпусының мемлекеттік  әкімшілік лауазымдарына қойылатын кәсіби талаптар  мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелеріндегі мемлекеттік әкімшілік қызметкерлермен жүзеге асырылатын қызметінің, лауазымды өкілеттіктерінің негізгі бағыттарын есепке алумен бірге жасалады және  мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың санаттарына қойылатын үлгі кәсіби талаптар негізінде өкілетті органның келісімділігі бойынша мемлекеттік органдармен бекітіледі.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдардына қойылатын арнайы кәсіби талаптар  Қазақстан Республикасы Президентімен белгіленетін тәртіпте өкілетті органмен бектіледі.

 

Мемлекеттік әкімшілік лауазымды иемденуге арналған конкурс

 

Мемелекеттік әкімшілік лауазымды иемденуге арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жетімділік құқығын қамтамасыз етеді.

 

Конкурсты жүргізу сатылары

 

  • конкурсты жүргізу туралы хабарламаны жариялау;
  • конкуртық комиссияны құру;
  • бекітілген кәсіби талаптарға сәйкестік үшін конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдап, талдау;
  • кандидаттарды сынау;
  • сұхбаттасу;
  • конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.

«Б» корпусының бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымын иемденуге арналған конкурс мемлекеттік органмен жүргізіледі.

 Конкурсқа қатысуға сынақтан өту барысында өкілді органмен бекітілген деңгей көрсеткішінен төмен баға алмаған азаматтар құқылы болады.

Конкурсты жүргізу туралы хабарламалар интернет-ресурсына, сондай-ақ, кезеңдік баспа шығарылымдарында жарияланады.

Егер конкурс «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына уақытша жүргізілетін болса, онда бұл шарт конкурсты жүргізу туралы хабарламада көрсетілуі тиіс.

Конкурсты жүргізу мен конкурстық комиссияны құру тәртібі өкілді органмен белгіленеді.

Республикалық маңызы бар облыстарда, қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын  атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Республикалық маңызы бар облыстар, қалалар, астана, аудандар, қалалардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бірыңғай конкурстық комиссиясы  осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындау құқығы бар тұлғаның шешімі бойынша құрылады.

Орталық мемлекеттік органның аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелеріне және оның ведомстволарына орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аймақаралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерде бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурстық комиссиясы орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аймақаралық немесе облыстық аумақтық бөлімше басшысының шешімі немесе жоғары тұратын орган шешімі бойынша құрылады.

Конкурстық комиссияның болымды қорытындысын алған конкурсқа қатысушы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қамтылу құқығына ие.

Тағайындау құқығына ие тұлға конкурстық комиссияның болымды қорытындысын алған конкурсқа қатысушыны «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қабылдауға міндетті. Мұның өзінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметке түсуге арналған заңнамаларымен көзделген талаптары орындалуы тиіс.

Конкурстық комиссияның болымды қорытындысын алмаған, бірақ мемлекеттік қызметке ұсынылған конкурсқа қатысушы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіндегі кадрлық қорына есепке алынуға құқылы болады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіндегі кадрлық қорына мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы ұсынысы бойынша есепке алынған конкурсқа қатысушы, есепке алынған күннен бастап, бір жыл ішінде, дәл сол мемлекеттік органда, кәсіби талаптарға сәйкестік шартымен, қосымша конкурстан өтпестен, «Б» корпусындағы тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымды иемденуге құқылы болады. Конкурстық комиссияның шешімі Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте шағымдала алады.

 

14.12.2012 жылғы ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері  бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы» № 59-V Заңы

23.07.1999 жылғы ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» № 453 Заңы