Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

Мемлекеттік қызметкер келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы керек

Мемлекеттік қызметкер келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы керек:

 

  1. Ол билік және өз құзіретін басқара біліп, сонымен бірге шыншыл болуы керек.
  2. Мемлекеттік қызметте өз пайдасы үшін емес, мемлекет үшін жұмыс істеп, мемлекеттік қаражатты өз қалтасымен ауыстырмау керек.
  3. Шенеулік «Немен күн көріп отырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек, өйткені оның виллаларын, оны қоршаған биік қақпаның және қымбат автомобильдердің суретінің пайда болуына негіз болмау керек.
  4. Заң талаптарымен толық келісімде өмір сүруі керек.
  5. Кез-келген жерде, кез-келген қызметте қандай да болмасын жағдайда халықтың, өз елінің азматтарының сенімін жоғалтпау керек.
  6. Қазақстандық мемлекеттік қызметкер әділеттілік пен сыпайлықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін-өзі ұстай білуі керек.
  7. Ұжымды басқармас бұрын, ол өзі бағана, жұмысшыларға берген жұмысты өзі атқара білуі керек.
  8. Егер мемлекет мүддесіне зиян келтіріліп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлықтың дайындалып жатқанын көрсе міндетті түрде араласып, тиісті шара қолдану керек.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумындағы сөзінен