Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

Мемлекеттiк көрсетiлетiнқызмет регламентi

   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 224 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

                                                              2015 жылғы «___» __________

                                                                № ______ қаулысымен

                                                                 бекітілген

 

 

«Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1.  «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қызмет берушісі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы – «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2.  Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

             4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11578) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішінің болуы негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің  (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-іс-қимыл - көрсетілетін қызмет алушының жазбаша өтінішін қабылдау және тіркеу, сондай-ақ көрсетілетін кызмет алушыға қабылдау күні, өтінішті қабылдап алған тұлғаның тегі және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талонды беру - орындалу ұзақтығы– 20 (жиырма) минут;

2-іс-қимыл - орындаушыны анықтау - орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;

 3-іс-қимыл - туристік ақпарат жобасын дайындау - орындалу ұзақтығы -   3 (үш) жұмыс күні;

4-іс-қимыл - туристік ақпаратты тексеру және қол қою - орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;

5-іс-қимыл - туристік ақпаратты тіркеу - орындалу  ұзақтығы - 20 (жиырма) минут;

6-іс-қимыл - көрсетілетін қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру немесе пошта арқылы жолдау - орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1 іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі журналда тіркеу және көрсетілетін қызмет алушыға талонды беру болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының)  нәтижесі көрсетілетін қызмет беруші басшысының бұрыштамасы негізінде орындаушыны анықтау болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 іс-қимылды орындауды бастау үшін  негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі туристік ақпарат жобасын дайындау болып табылады, ол осы Регламенттің  5-тармағында көрсетілген 4 іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі туристік ақпаратты тексеру және қол қою болып табылады, ол осы Регламенттің  5-тармағында көрсетілген 5 іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі туристік ақпаратты тіркеу болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6 іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру немесе пошта арқылы жолдау болып табылады.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара                   

іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызмет берушінің кіріс және шығыс хат - хабарды тіркеу және есепке алу үшін жауапты маманы (бұдан әрі – маман);

2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызмет берушінің маманы.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс - қимылдардың) сипаттамасы:

1) маман көрсетілетін қызмет алушының жазбаша өтінішін қабылдайды және кіріс хат - хабарды тіркеу журналына тіркейді және талонды береді –   20 (жиырма) минут;

2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы бұрыштама қою арқылы көрсетілетін қызмет берушінің маманын анықтайды – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызмет берушінің маманы туристік ақпарат жобасын әзірлейді және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына тексеруге және қол қоюға береді – 3 (үш) жұмыс күні;

4) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы көрсетілетін қызмет берушінің маманы әзірлеген туристік ақпаратты тексеріп, қол қояды және маманға тапсырады – 20 (жиырма) минут;

5) маман туристік ақпаратты тіркейді – 30 (отыз) минут;

6) маман мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушыға туристік ақпаратты ұсынады немесе пошта арқылы жолдайы – 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (мамандарының) өзара іс-қимылын толығырақ сипаттау, сондай-ақ басқа да қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығы арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

 

  «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы