Халықаралық ынтымақтастық

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі сыртқы экономикалық қызметін белсенді атқарады.

Сыртқы байланыстар бағыты бойынша 2017 жылғы қантар маусым кезеңі ішінде 6 құжатқа қол қойылды
(2 меморандумға, 1 ниет туралы хаттама, 1 келісім, 1бірлескен мәлімдеме, 1 жол картасы).

2017 жылдың 7 ай ішінде әкімдік басшылығының шетелдік инвесторлар, компаниялар, Елшіліктердің өкілдерімен 78 кездесу өткізілді.

2017 жылдың 22 наурызында Шығыс Қазақстан облысының әкімінің Тачэн қаласына СУАР ҚХР ресіми сапары өтті. Кездесу барысында екі жақ Тачэн-Аягөз темір жолын салу мәселесін талқылады. Нәтижесінде екі құжатқа қол қойылды: 1) «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Тарбағатай ауданының СУАР ҚХР арасындағы «Қарамай-Тачэн -Аягөз» темір жолы «Бахты - Аягөз» құрылыс алаңында алдын ала зерттеу жүргізу үшін меморандумы», 2) «Шығыс Қазақстан облысы мен Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Тарбағатай ауданының арасындағы Тачэн - Аягөз темір жолының салуы туралы келіссөздер қорытындысы бойынша хаттама ниеті» .

2017 жылдың 10 - 11 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Н. Сақтағановтың басшылығымен құрылған жұмыс тобының құрамында Өзбекстан Республикасының Ташкент және Самарқанд қалаларына сапар ұйымдастырылды.

Сапар барысында жұмыс тобы «ДжиЭмПиТи-Узбекистан» БК күш агрегаттарын өндіру үшін зерттеу тәжірибесі бойыша, «Ташкент ауыл шаруашылығы техникасы зауыты» АҚ және «Агрегатный завод» АҚ барып, сонымен бірге Хорезм қаласының ауылшаруашылық техника зауытының басшылығымен зерделеу өндіру жөніндегі ауылшаруашылық техника тәжірибесі
(шөп шапқыш) және өндіруді оқшаулау мүмкіндіктері «СемАЗ»
ЖШС-нің жекелеген түрлері туралы талқылады.

2017 жылдың 22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Н. Сақтағановтың басшылығымен құрылған жұмыс тобының құрамында Алтай халықаралық үйлестіру кеңесіне қатысып, жол картасын іске асыруы туралы Шығыс Қазақстан облысы мен СУАР ҚХР ынтымақтастығының мәселерін талқылады.

Ағымды жылдың 12 мамырында Өскемен қаласында Қазақстан Республикадағы Литва Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас мырзаның қатысуымен Литва Республикасының құрметті консулдығы ашылды.

Сондай-ақ, сапар аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовпен Елшімен кездесуі аясында экономиканың әр түрлі салалары туралы сұрақтар жүргізілді.

Ағымды жылдың 24 мамырында облыс әкімінің Қазақстан Республикадағы Канаданың Төтенше және өкілетті Елшісі Шон Стайл мырзамен кездесуі өтті. Кездесу барысында Шығыс Қазақстандағы хоккейдың дамуы туралы сурақтар талқыланып, Канадамен ынтымақтастық жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды

2017 жылдың 24 – 25 мамыр кезеңі ішінде Қазақстан Республикадағы Өзбекстанның Төтенше және өкілетті Елшісі Икром Назаров мырзаның ресми сапары өтті.

Кездесу барысында Елші облыс басшысы Д.К. Ахметовпен кездесіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасының кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық жол картасы әзірленді.

2017 жылдың 8 маусымда облыс басшысы Д.К. Ахметовтың Астана қаласына Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесінің төртінші отырысына сапары өтіп, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовпен TBEA ААҚ Вице-Президенті Ху Нан мырзамен Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша келісімге қол қойылды.

Ағымды жылдың 12-13 маусым аралығында Өскемен қаласын Австрия Республикасының Штирия Федеративтік жерінің Штирия мемлекеттік парламентінің екінші Президенті Мануэла Ком ханымының басшылығымен құрылған жұмыс тобының құрамы аралады. Облысы әкімі Д.К. Ахметовпен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысымен Австрия Республикасының Штирия Федеративтік жері арасында өзара ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

2017 жылдың 16-17 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының Өскеменмен Курчатов қалаларын Швеция Парламентінің спикері Урбан Алин мырзаның басшылығымен құрылған жұмыс тобының құрамы аралады.

Парламент спикері Урбан Алин мырза өндіріс алыбының қалыптасуы, оның тарихымен және уран өндірісінде «ҮМЗ» АҚ, бериллий, тантал өнімдерімен танысты.

Сондай-ақ, Швеция делегациясының Курчатов қаласында токамак жұмысымен, эксперименттік өрісімен барып танысты, полигон мұражайын аралады.

2017 жылдың 1 тамызында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовпен Қазақстан Республикадағы Франция Төтенше және өкілетті Елшісі Франсис Етьен мырзамен кездесуі өтті.

Франция жұмыс тобының құрамының өкілдерін Шығыс Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер қызықтырды және білім беру саласын атап айтқанда, ынтымақтастықтың аясын кеңейткенді ұсынды.

Елші екі жақтың қарым-қатынастардың барлық негізгі аспектілері одан әрі сындарлы серіктестік Шығыс Қазақстан мен Француз Республикасы арасындағы іскерлік және достық
қарым-қатынастарды нығайту үшін қызмет етеді деген үміт білдірді.

2017 жылдың 14 тамызында Баян-Өлгей аймағының әкімі
Айп Ғылымхан мырзаның басшылығымен Моңғолия құрылған жұмыс тобының құрамы Өскемен қаласына сапарға келді.

Екі жақ білім, туризм және бизнесте өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, моңғол делегациясы жағынан Баян-Өлгей және Өскемен қалаларын өзара ынтымақтастықты дамытуын ұсынды.

Кездесу барысында, Баян-Өлгей аймағының басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметов өңірдің туристік әлеуетін, жыл сайынғы халықаралық фестивалі бүркіт болып табылатын ерекшілігі туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шығыс Қазақстан облысының басшылығы арасында ынтымақтастық шеңберінде қол қойылған және шетелдік ұйымдар құжаттары

 

 

Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Тарбағатай ауданының СУАР ҚХР арасындағы «Қарамай-Тачэн -Аягөз» темір жолы «Бахты - Аягөз» құрылыс алаңында алдын ала зерттеу жүргізу үшін меморандумы

22 наурыз 2017 жыл

 

Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы мен Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Тарбағатай ауданының арасындағы Тачэн - Аягөз темір жолының салуы туралы келіссөздер қорытындысы бойынша хаттама ниеті

22 наурыз 2017 жыл

 

Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасының кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық жол картасы

22 мамыр 2017 жыл

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовпен TBEA ААҚ Вице-Президенті Ху Нан мырзамен Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша келісімі

8 маусым 2017 жыл

 

Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысымен Австрия Республикасының Штирия Федеративтік жері арасында өзара ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі

 

12 маусым 2017 жыл

 

Ынтымақтастық туралы меморандумы

14 тамыз 2017 жыл