Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

Жол картасы – 2020

Шығыс Қазақстан облысында туризм саласы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысқан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі


Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында туризм саласы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысқан бірқатар жеке кәсіпкерлік субъектілері бар.
Алғашқы «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағыты аясында өзінің қызметін туризм саласында жүзеге асырып жүрген жеке кісіпкерлік субъектілерінің 6 арызы қолдау тапты:

  1. «Поиск» ЖШС «АТФ банк» АҚ несиесін субсидиялау бойынша 150,0 млн. теңге, «Демалыс үйін жаңарту» жобасын іске асыру бойынша, Глубокое ауданы, Таулы Үлбі ауылы
  2. «Центр-С» ЖШС «АТФ банк» АҚ несиесін субсидиялау бойынша 50,0 млн. теңге, «Демалыс үйінің қызметін кеңейту» жобасын іске асыру бойынша, Глубокое ауданы, Таулы Үлбі ауылы;
  3. «Мелада» ЖШС,«АТФ банк» АҚ несиесін субсидиялау бойынша 148,0 млн. теңге, «Демалыс үйін салуды аяқтау» жобасын іске асыру, Зырян қаласы;
  4. «Изумрудный Алтай» ЖШС, «Қазақстан Республикасының Халық банкі» АҚ несиесін субсидиялау бойынша 200,0 млн. теңге сомасында, «Демалыс үйінің қызметін кеңейту» жобасын іске асыру бойынша, Ұлан ауданы, «Аюда» демалыс базасы;
  5. «Бижанов С.К.» ЖК, «Еуразиялық банк» АҚ несиесін субсидиялау бойынша 25,0 млн. теңге, «Демалыс үйін кеңейту» жобасын іске асыру бойынша, Үржар ауданы;
  6. «Уразбаева К.А.» ЖК , «Темір банк» АҚ несиесін субсидиялау бойынша 40,0 млн. теңге, «Демалыс үйінің қызметін кеңейту» жобасын іске асыру бойынша, Зырян ауданы.


2014 жылдың 11 ақпан айында «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы мен «Қанапьянов Е.С.» ЖК арасында Садыркөл (Сібе көлдері) көлінің жағалауында туристік базасын салу бойынша ынтымақтастық орнату туралы Меморандумға қол қойылды.