«Жасыл экономика»

oskemen-expo-2014

2014 жылдың 24 мамырында VII Астана экономикалық Форумының қисынды жалғасы болған «Алтай» Технопаркінде «OSKEMEN EXPO 2014»көрмесі болып өтті. Көрме мақсаты – презентация ғылыми-техникалық жетістіктерді көрсету, жаңа «жасыл» технологияларды енгізу, халықаралық  экономикалық және ғылыми байланыстарды кеңейту.

Іс шара қонақтары: Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары. Сондай-ақ, ортақ идея және инновациялық болашаққа деген ұмтылыспен бірлескен әлемнің  12 астам елдерінің өкілдері –Нобель сыйлығының лауреаттары, аса ірі бизнесмендер мен ғалымдар, сондай-ақ, планетаның әр бұрышынан келген дипломатиялық миссия өкілдері.

«OSKEMEN EXPO – 2014» көрмесін дайындап, өткізу мақсатында, «OSKEMEN EXPO – 2014» көрмесінің әлеуетті қатысушыларының арасында, ағымдағы жылдың  ақпанында «Болашақ энергиясы» жобалар конкурсы болып өтті.

Толық құжаттама және жобалармен бірге қарауға 86 өтінім қаралды. Үш сарапшылар тобы отырысының нәтижесінде 21 номинация бойынша ұтыс иегерлері анықталды.

 

 

expo-1

 

Конкурс қатысушылары тек Қазақстан азаматтары ғана емес, Ресей Федерациясынан (Санкт-Петербург қ.) бір өкіл қатысты. «Пештегі ПВМ-1,0 агрегатының паровинтті қозғалтқышын орнату» жобасымен өнертапқыш Вячеслав Валерьевич. Ерекше белсенділік Қарағанды (9 жоба), Алматы (7 жоба) және Астана (8 жоба) танытты. Конкурстық жобалардың авторлары әр түрлі ғылми дәрежег ие – олар бакалавриат және магистратура студенттері, сондай-ақ, 13 ғалым өнертапқыштар, 15 ғылым кандидаттары, 14 ғылым докторлары, 1 Phd докторы мен 2 академик.

VII Астана экономикалық Форумының шегінде, шетел қонақтары мемлекет Елбасымен бірге өткен кездесуге қатысты.

 

expo-2