Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

18
Қазан

ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢАЛЫҚТАР

2019 жылдың 18 қазан күні «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы М.С. Кабаковтың төрағалығымен кеңес өткізілді.

Аталған кеңесте Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің Бірінші орынбасары Ж.Е. Байділдин және Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі А.И. Кулешов және Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері қатысты.

Кеңестің негізгі мақсаты - Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің заң бұзушылықты тудыруы мүмкін жағдайларды болдырмау.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің Бірінші орынбасары Ж.Е. Байділдин мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен істелетін сыбайлас жемқорлық бойынша заңға қарсы қауіптерді түсіндірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің қызметі туралы видеобейнемен таныстырды.

Лауазымды тұлғалармен жасалатын сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзушылықтардың алдын алу, яғни оны болдырмау бойынша қабылданатын шаралар туралы түсініктеме берді.

Аталған кеңес қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың алдын алу және профилактикалық іс-шара ретінде тұрақты түрде кем дегенде жылына екі рет Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ішкі аудиторлық тексеру жүргізуді тәжірибеге алу бойынша шешім қабылданды.

Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бюджет қаражатын мақсатты игеруі бойынша бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

13
Қараша
Қараша 2019
дүсесәбежұсенже
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30