Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

    Басты бет > Жаңалықтар > «ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру  

2
Қазан

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ  «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру   

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру  

«ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ, 070019. Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, 119 каб., анықтама үшін телефон: 8(7232) 517-623, 8(7232) 713-213, факс 8(7232)26-17-24, электрондық пошта мекенжайы – m.niyazova@akimvko.gov.kz  «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Басқарманың сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, № (4-1-1) коды, (1 бірлік), лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 108306 теңгеден 146177 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Облыс басшылығының ресми қабылдауларын, шетел делегацияларымен кездесулерін ұйымдастыру. Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу және ұйымдастыруға, сондай-ақ, шетел мемлекеттері өкілдерімен келіссөздер ұйымдастыруға қатысады. Облыстық, республикалық және халықаралық  деңгейде қол қойылған, сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысына жедел бақылау жүргізеді және ол туралы ақпарат дайындайды. Өңіраралық деңгейде қол қою үшін ынтымақтастық туралы  құжаттардың жобасын (келісімдер, шарттар, меморандумдар және т.б.) әзірлейді. Бөлім қызметіне қатысты құжаттарға талдау жасайды және шет тілінен аударады. Әр түрлі мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдармен хат алмасу бойынша бөлімнің істер номенклатурасын жүргізеді. Облыс әкімдігі отырыстарында, облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшысының қатысуымен өткізілетін кеңестерде қарау үшін облыс әкімінің ақпараттық құжаттарын, баяндамаларын, шешімдері мен өкімдерін дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша өкімдік құжаттардың орындалуына белгіленген тәртіппен бақылау жасау, бөлім қызметіне қатысты құжатарға, азаматтардың ұсыныстары, өтініштері мен шағымдарына талдау жүргізу. Шығыс Қазақстан облысының халықаралық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі жұмысқа талдау жүргізу; «Ашық деректер» порталында тіркелген қолданушылардың комментарийлеріне мониторинг жүргізу және оған тиісті жауап дайындау; ақпаратты уақытылы дайындау және оның орналастыру, сондай-ақ 10 жұмыс күн ішінде. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның әлемдік нарығына сараптама жасайды. Халықаралық көліктік-логистикалық инфрақұрылым саласының және логистика саласының әлемдік тәжірибесін қолдану жұмысын үйлестіреді.

Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі  - «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, әлемдік экономика), немесе «Құқық» (құқықтану), немесе «Қызметтер» (туризм, логистика), немесе «Білім» (шетел тілі: екі шетел тілі), немесе «Ғуманитарлық ғылымдар» (халықаралық қатынастар, аударма ісі) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Құзыреттілігіне байланысты қойылатын талаптар: мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы                  21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2016 жылғы  13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес, жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – Қағида).        

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не m.niyazova@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге рұқсат алған кандидаттар әңгімелесуге жіберу туралы ескертпе күнінен бастап үш жұмыстық күн ішінде конкурсты жариялаған мемлекеттік органда өтеді. «ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: Өскемен қаласы, Горького көшесі 40 үй № 119 кабинет. Анықтама үшін телефон: 8(7232) 517-623, 8(7232) 713-213, факс 8(7232) 26-17-24, электрондық пошта мекенжайы – m.niyazova@akimvko.gov.kz

         Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

         Шағым түсіру бойынша ақпарат: конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агентітігі) немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты шағым түсіре алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің сайты www.kyzmet.gov.kz.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.

              Анықтама телефоны: 8 (7232) 517-623, : e-mail: m.niyazova@akimvko.gov.kz

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш   

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА
«Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

11.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

22.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

33.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

44.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

55.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

65.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

77.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

88.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

99.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

               

 

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

21
Қазан
Қазан 2019
дүсесәбежұсенже
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31