Размер шрифта
Интервал
Цвет сайта
Изображения

4
Маусым

Қайырымдылық жасау - ізетті іс!   

Қайырымдылық жасау - ізетті іс!  

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған « Ізгі істер» акциясы аясында ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен ШҚО ішкі саясат басқармасының ұжымында көп балалы отбасыларға қажетті азық-түлік пен киім-кешек сатып алу үшін қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Аталған акцияның басты мақсаты – аз қамтылған көп балалы аналарға материалдық көмек көрсету.

Жансая Қасымбаева жалғыз басты үш баланың анасы. Үлкен ұлы 8 жаста, мүмкіндігі шектеулі, екі қызы 5 және 7 жаста мектепте оқиды.

Жансая науқас баласына күтім жасағандықтан қазіргі уақытта жұмыссыз.

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен ШҚО ішкі саясат басқармасының ұжымы балаларға қажетті азық-түлік пен киім-кешек сыйлады. Басқарма ұжымы азық-түлік өнімдерінен ұн, қант, май, шай, макарон өнімдерін сатып алды.

Аталған қайырымдылық акциясына «Пчелка Майя» ЖШС дүкенінің ұжымы да өз үлесін қосып, бүлдіршіндерге бал өнімдері мен дәрумендер сыйлады.

 Қайырымдылық акциясына қатысқан барлық қатысушыларға балаларға деген қамқорлықтарыңыз бен мейірім танытқан ақ жүректеріңізге алғысымызды айтамыз.

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

21
Қыркүйек
Кырқүйек 2019
дүсесәбежұсенже
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30