Ақпарат

 

2017 жылғы 29 қазан күні «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері Тулегенова Айнур Тулегеновнаның салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшіге 3 айлық сынақ мерзімі белгіленді.

Сынақ мерзімі аралығында әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері Тулегенова Айнур Тулегеновнаға тәлімгер ретінде туризмді дамыту бөлімінің басшысы Мустафина Раушан Алдабергенқызы тағайындалды.

Сынақ мерзімінің қорытындысы бойынша, қызметкердің атқарған қызметі туралы есеп және тәлімгердің пікірі тыңдалды.

Сынақ мерзімінің қорытындысы бойынша Тулегенова Айнур Тулегеновнаның сынақ мерзімінің сәтті өткергені туралы шешім қабылданды.

Басқарма басшысы Ж.Б Сәрсебаев мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері Тулегенова Айнур Тулегеновнаға қызметтік куәлікті табыстады.

Салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының құттықтау сөзімен және Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауымен аяқталды.