Губернаторлар саммиті

2017 жылдың 25 тамызында Астана қаласында «Еуразиялық апта» форумы аясында 49-дан астам елдің өкілдері қатысқан губернаторлар Саммиті өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы қатысты.

Губернаторлар Саммиті шеңберінде Беларусь Республикасының Могилев облыстық атқарушы комитеті мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы Келісімін іске асыру бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды.