Азаматтарды қабылдау кестесіне өзгерістер енгізу туралы

«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін одан әрі сапалы қарау және халықпен кері байланысты нығайту мақсатында «Шығыс Қазақстан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне өзгерістер енгізді. Жаңа кестемен сілтеме арқылы танысуға болады азаматтарды қабылдау кестесі.